«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдауды;
2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауды және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 29 қазандағы
№ 874 бұйрығына қосымша
1. «Төтенше жағдайлардың қаупі, туындауы немесе жоюы кезінде ақпаратты беру жөніндегі Нұсқауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 137 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5728 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2009 жылғы № 8 және 9 жарияланған).
2. «Сараптау ұйымдары үшін мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы 27 қарашадағы № 414 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6726 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 8 ақпандағы № 39-40 (26442) болып жарияланған).
3. «Мамандандырылған оқу ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы 27 қарашадағы № 415 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6727 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 5 ақпандағы № 38(26440) болып жарияланған).
4. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 360 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8710 болып тіркелген, «Егемен «Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 31 қазандағы № 243 (28182) болып жарияланған).
5. «Төтенше жағдайлардың қаупі, туындауы немесе жоюы кезінде ақпаратты беру жөніндегі нұсқауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 137 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 565 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9077 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 6 ақпанда жарияланған).