«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1, 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) бір апта мерзімінде осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы А. Рау
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 805 бұйрығына қосымша
1. «Байланыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласына жатпайтын субъектілер үшін тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 586 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7975 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 7 қарашадағы № 729-734 (27806) «Казахстанская правда» газетінде 2012 жылғы 7 қарашада № 385-387 (27204-27206) жарияланған);
2. «Байланыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласына жатпайтын субъектілер үшін тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 587 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7974 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 7 қарашада № 729-734 (27806) және «Казахстанская правда» газетінде 2012 жылғы 7 қарашада № 385-387 (27204- 27206) жарияланған);
3. «Ақпараттандыру саласындағы жеке кәсіпкерлік саласына жатпайтын субъектілері үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 608 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8014 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 7 қарашада № 729-734 (27806) және «Казахстанская правда» газетінде 2012 жылғы 7 қарашада № 385-387 (27204-27206) жарияланған);
4. «Ақпараттандыру саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 609 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8014 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 7 қарашада № 729-734 (27806) және «Казахстанская правда» газетінде 2012 жылғы 7 қарашада № 385-387 (27204-27206) жарияланған).