РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Мемлекеттік аппаратты қалыптастыру департаменті:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдауды;
2) осы бұйрықты мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Министр Т. Донақов
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 10 бұйрығымен
бекітілген
1) «Шет елге біліктілігін арттыруға жіберілетін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу жөнінде конкурс өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 5 ақпандағы № 02-01-02/15 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3449 болып тіркелген);
2) «Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8381 болып тіркелген, 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 98 (28037) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
3) «Мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының 2013 жылғы 4 сәуірдегі № 06-7/47 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8413 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 маусымдағы № 151 (28090) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
4) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 22 қаңтардағы №04-2-4/7 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 9112 тіркелген, «Егемен Қазақстан» 05.02.2014 ж. № 24 (28248); Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі 03.03.2014 ж. жарияланған);
5) «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 30 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9993 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған);
6) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10130 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған).