БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 7 қарашада № 8780 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
|
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
Б. Асылов |
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің төрағасы
_____________ Д. Жазықбаев
"__" _________ 2022 жыл
| Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының _____________ № ____ бұйрығымен бекітілген қосымша |
|
| Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 90 бұйрығымен бекітілген |
Санат | Лауазымның атауы | Біліміне қойылатын талаптар | Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар | Денсаулық жағдайына қойылатын талаптар | Білімі, икемі және дағдыларына қойылатын талаптар |
Қазақстан Республикасының Бас прокуратураның орталық аппараты | |||||
C-GP-1 |
Аппарат басшысы | нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары |
1) прокуратура органдарында он жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес, не осыған тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің, | денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы | нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы |
C-GP-2 |
Департамент бастығы |
1) прокуратура органдарында сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес, не осыған тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, | |||
C-GP-3 |
Бас прокуратура департаменті бастығының орынбасары |
1) прокуратура органдарында жеті жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес, не осыған тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, | |||
C-GP-4 |
Бас прокуратураның басқарма бастығы |
1) прокуратура органдарында алты жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты айдан кем емес немесе осыған тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, | |||
C-GP-5 |
Бас прокуратураның басқарма бастығының орынбасары |
1) прокуратура органдарында бес жылдан кем емес, | |||
C-GP-6 | Бас прокуратура басқармасының, бөлімінің, аға прокуроры |
1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда бес жылдан кем емес қызмет өтілінің, | |||
C-GP-7 | Бас прокуратура басқармасының, бөлімінің прокуроры |
1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарының лауазымдарында бес жылдан кем емес, оның ішінде Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК, Құқық қорғау академиясында, Бас прокуратураның аудандық органдарында басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, | |||
Бас прокуратураның облыстық органдары | |||||
C-ОGP-1 | Облыс прокуроры және оған теңестірілген прокурор (бұдан әрі – облыс прокуроры) | нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары |
1) прокуратура органдарында он екі жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес, | денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы | нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы |
C-ОGP-2 | Облыс прокурорының бірінші орынбасары |
1) прокуратура органдарында тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе тең немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес, | |||
C-ОGP-3 | Облыс прокурорының орынбасары |
1) прокуратура органдарында сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе тең не келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес, | |||
C-ОGP-4 |
Облыс прокуратурасы басқармасының бастығы, |
1) прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес еңбек өтілінің немесе басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес, | |||
C-ОGP-5 | Облыс прокуратурасы басқармасы бастығының орынбасары |
1) прокуратура органдарында бес жылдан кем емес, | |||
C-ОGP-6 |
Облыс прокуратурасы бөлімі бастығы, |
1) прокуратура органдарында төрт жылдан кем емес, | |||
C-ОGP-7 | Облыс прокуратурасы басқармасының, бөлімінің аға прокуроры |
1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда төрт жылдан кем емес, оның ішінде келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, | |||
C-ОGP-8 | Облыс прокуратурасы басқармасының, бөлімінің прокуроры |
1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда үш жылдан кем емес қызмет өтілінің, | |||
Бас прокуратураның аудандық органдары | |||||
C- RGP -1 | Қала, аудан прокуроры және оған теңестірілген прокурор (бұдан әрі – қала, аудан прокуроры) | нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары |
1) прокуратура органдарында алты жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы, | денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы | нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы |
C- RGP -2 | Қала, аудан прокурорының орынбасары |
1) прокуратура органдарында бес жылдан кем емес, | |||
C- RGP -3 | Қала, аудан прокуратурасы бөлімінің бастығы |
1) прокуратура органдарында үш жылдан кем емес, | |||
C- RGP -4 | Қала, аудандық прокуратуралары аға прокуроры |
1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы, | |||
C- RGP -5 | Қала, аудандық прокуратуралары прокуроры | еңбек тәжірибесі қажет емес | |||
Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы (бұдан әрі – Академия) | |||||
C-АGP-1 | Академияның ректоры | жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін |
1) прокуратура органдарында он екі жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес, не осыған тең немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда қызмет өтілінің, | денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы | нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы |
C-АGP-2 | Академияның бірінші проректоры | жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін |
1) прокуратура органдарында он жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес, не осыған тең немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, | ||
C-АGP-3 | Академия проректоры | жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін |
1) прокуратура органдарында тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес, не осыған тең немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, | ||
C-АGP-4 |
Академия Аппараты басшысы | жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін |
1) прокуратура органдарында сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес, не осыған тең немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, | ||
C-АGP-5 | Академия институты директорының орынбасары | жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін |
1) прокуратура органдарында жеті жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес, не осыған тең немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, | ||
Академия факультетінің деканы | жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін, ғылыми дәрежесі | ||||
C-АGP-6 |
Академия басқармасының бастығы | жоғары, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін |
1) прокуратура органдарында алты жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты айдан кем емес немесе осыған тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, | ||
Академияның орталық бастығы | жоғары (немесе жоғары оқудан кейінгі), нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін, ғылыми дәрежесі және/ немесе әділет кеңесшісінен, подполковниктен төмен емес сыныптық шені, арнайы (әскери) атағы болуы |
1) прокуратура органдарында алты жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты айдан кем емес немесе осыған тең немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, | |||
C-АGP-7 |
Академия бөлімінің бастығы | жоғары, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін |
1) прокуратура органдарында бес жылдан кем емес, | ||
Академия жетекші ғылыми маманы | жоғары (немесе жоғары оқудан кейінгі), нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін ғылыми дәрежесі және (немесе) кіші әділет кеңесшісінен, майордан төмен емес сыныптық шені, арнайы (әскери) атағы болуы |
1) прокуратура органдарында бес жылдан кем емес қызмет өтілінің, | |||
C-АGP-8 | Академия басқармасының, бөлімінің аға прокуроры | жоғары, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін |
1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда төрт жылдан кем емес қызмет өтілінің, | ||
Академияның аға ғылыми қызметкері | жоғары (немесе жоғары оқудан кейінгі), нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін |
1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарының лауазымдарында төрт жылдан кем емес қызмет өтілінің, | |||
C-АGP-9 |
Академия басқармасының, бөлімінің прокуроры | жоғары (немесе жоғары оқудан кейінгі), нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін | 1) мемлекеттік қызметте, не ғылыми және (немесе) педагогикалық қызметте, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда үш жылдан кем емес өтілінің болуы | ||
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Орталық аппараты (бұдан әрі - Комитет) | |||||
C-KGP-1 | Комитет төрағасының орынбасары | жоғары, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін |
1) прокуратура органдарында тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес, не осыған тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, | денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы | нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы |
C-KGP-2 | Комитет басқармасының бастығы |
1) прокуратура органдарында алты жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты айдан кем емес немесе осыған тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің, | |||
C-KGP-3 | Комитет бөлімінің бастығы |
1) прокуратура органдарында бес жылдан кем емес, | |||
C-KGP-4 | Комитет басқармасының, бөлімнің аға прокуроры |
1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда төрт жылдан кем емес қызмет өтілінің, | |||
C-KGP-5 |
Комитет басқармасының, бөлімнің |
1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарының лауазымдарында үш жылдан кем емес қызмет өтілінің, | |||
Комитеттің облыстық органдары | |||||
C-OKGP-1 | Комитеттің облыстық органының бастығы | жоғары, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін |
1) прокуратура органдарында тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе тең немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес | денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы | нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы |
C-OKGP-2 | Комитеттің облыстық органы бастығының орынбасары |
1) прокуратура органдарында сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе тең не келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес, | |||
C-OKGP-3 | Комитеттің облыстық органы басқармасының бастығы |
1) прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес еңбек өтілінің немесе басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес, | |||
C-OKGP-4 | Комитеттің облыстық органы басқармасы бастығының орынбасары |
1) прокуратура органдарында бес жылдан кем емес, | |||
C-OKGP-5 | Комитеттің облыстық органының бөлім бастығы |
1) прокуратура органдарында төрт жылдан кем емес, | |||
C-OKGP-6 | Комитеттің облыстық органы басқармасының, бөлімінің аға прокуроры |
1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы, | |||
C-OKGP-7 | Комитеттің облыстық органы басқармасының, бөлімінің прокуроры | еңбек тәжірибесі қажет емес | |||
Бас әскери прокуратураның Орталық аппараты | |||||
C-VP-1 | Бас әскери прокурор | жоғары, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін |
1) прокуратура органдарында он екі жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес | денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы | нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы |
C-VP-2 | Бас әскери прокурорының бірінші орынбасары |
1) прокуратура органдарында тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе тең немесе келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес, | |||
Бас әскери прокурорының орынбасары |
1) прокуратура органдарында сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес немесе тең не келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес, | ||||
C-VP-3 |
Бас әскери прокуратураның басқарма бастығы |
1) прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес еңбек өтілінің немесе басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес, | |||
C-VP-4 | Бас әскери прокуратура басқармасы бастығының орынбасары |
1) прокуратура органдарында бес жылдан кем емес, | |||
Бас әскери прокуратурасының бөлім бастығы |
1) прокуратура органдарында төрт жылдан кем емес, | ||||
C-VP-5 | Бас әскери прокуратура басқармасының, бөлімінің аға әскери прокуроры |
1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы, | |||
C-VP-6 | Бас әскери прокуратура басқармасының, бөлімінің әскери прокуроры |
1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы, | |||
C-VP-7 |
Бас әскери прокуратураның нұсқаушы - сержанты | арнайы орта | еңбек тәжірибесі қажет емес | ||
Бас әскери прокуратураның аймақтық органдары | |||||
C-RVP-1 | Аймақ әскери прокуроры | жоғары, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін |
1) прокуратура органдарында алты жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы, | денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы | нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы |
C-RVP-2 | Аймақ әскери прокурорының бірінші орынбасары |
1) прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес, | |||
C-RVP-3 | Аймақ әскери прокурорының орынбасары |
1) прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес, | |||
C-RVP-4 | Аймақ әскери прокуратурасы бөлімінің бастығы |
1) прокуратура органдарында үш жылдан кем емес, | |||
Аймақ әскери прокуратурасының аға прокуроры |
1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы, | ||||
C-RVP-5 | Аймақ әскери прокуратурасының прокуроры | еңбек тәжірибесі қажет емес | |||
C-RVP-6 |
Аға маман | арнайы орта | еңбек тәжірибесі қажет емес | ||
Бас әскери прокуратураның гарнизондардағы прокуратуралары | |||||
C-GVP-1 | Гарнизон, әскерлердің әскери прокуроры | жоғары, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін |
1) прокуратура органдарында алты жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы, | денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы | нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы |
C-GVP-2 | Гарнизон, әскерлердің әскери прокурорының орынбасары |
1) прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес, | |||
C-GVP-3 | Гарнизонның, әскерлердің әскери прокуратурасы бөлімінің бастығы |
1) прокуратура органдарында үш жылдан кем емес, | |||
Гарнизонның, әскерлердің әскери прокуратурасының аға прокуроры |
1) прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы, | ||||
C-GVP-4 | Гарнизонның, әскерлердің әскери прокуратурасының прокуроры | еңбек тәжірибесі қажет емес | |||
C-GVP-5 |
Аға маман | арнайы орта | еңбек тәжірибесі қажет емес |
Ескертпе:
Басшы лауазымдарға кірмейтін лауазымдарға басшы қызметтердегі еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
Кәсіби даярлығы жоғары, өзіндік білімі немесе белгілі бір мамандықтар бойынша үлкен жұмыс тәжірибесі бар адамдар осы біліктілік талаптарында белгіленген қажетті жұмыс өтілін, ғылыми дәрежесін, сыныптық шенін, арнайы (әскери) атағын ескерместен, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелеріне (бұдан әрі – прокуратура органдары) қызметке тағайындалуы мүмкін.
"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 5-1 - тармағының тәртібімен адамдар келесі лауазымдарға қабылдануы мүмкін: профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы, бас ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер.
Оларға қосымша мынадай: Академияның негізгі міндеттерінен туындайтын нақты жұмысты орындау үшін тәжірибесі мен дағдыларының, және "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" немесе оқытылатын пәндер бейініне сәйкес "философия докторы (PhD)" академиялық дәрежесінің болу талаптары белгіленеді.