Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 465 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 465 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11850 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 70-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтер осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
А. Сәтқалиев

  Бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 3 шілдедегі
№ 465 бұйрығына
2-қосымша

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтер

      мың теңге/мегаватт*айына

№

Атауы

Жыл

2019 2020 2021 2022 2023 2024 2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9

1

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтер

590,0

590,0

590,0

590,0

590,0

1065,0

1215,0


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.