2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан позициялар алып тасталсын;
б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына позициялар қосылсын;
в) ЕАЭО СЭҚ ТН 89-тобына 2-ші қосымша ескертпедегі ЕАЭО СЭҚ ТН "8905 90 100 0" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8905 80 100" кодымен ауыстырылсын;
г) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері белгіленсін;
д) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 41С ескертпемен толықтырылсын:
"41C) Кедендік құнның 0 (нөл) %-ы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажы мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 8 шілдедегі № 73 шешімі күшіне енген күннен бастап, қоса алғанда 31.08. 2017 ж. дейінгі аралықта қолданылады.".
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ 2015 жылғы 2 қыркүйектен кейін күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |
| Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015 жылғы 8 шілдедегі № 73 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
СЭҚ ТН коды | Позиция атауы |
Қос. бірл. | |
8905 90 100 0 | – – теңіз | дана | |
8907 90 000 0 | – өзгелері | дана |
| Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015 жылғы 8 шілдедегі № 73 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
СЭҚ ТН коды | Позиция атауы |
Қос. бірл. | |
8905 90 100 | – – теңіз: | ||
8905 90 100 1 | – – – балықты жем шашып қоректендіруге арналған, өзгелерін айтпағанда,жем беріп тұратын жабдықпен және жемді сақтауға арналған, жүк сыйымдылығы 155 м3-тан кем емес бункерлермен жабдықталған жүзбелі құралдар | дана | |
8905 90 100 9 | – – – өзгелері | дана | |
8907 90 000 | – өзгелері: | ||
8907 90 000 1 | – – каркасының ішкі диаметрі 20 м немесе одан астам, бірақ 50 м аспайтын, балық сақтайтын су қоймасы бар дөңгелек кішілеу кемелер | дана | |
8907 90 000 9 | – – өзгелері | дана |
| Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015 жылғы 8 шілдедегі № 73 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
СЭҚ ТН коды | Позиция атауы | Кедендік әкелу бажы мөлшерлемесі (кедендік құнның пайызымен не евромен, не АҚШ долларымен) | |
8905 90 100 1 | – – – балықты жем шашып қоректендіруге арналған, өзгелерін айтпағанда, жем беріп тұратын жабдықпен және жемді сақтауға арналған, жүк сыйымдылығы 155 м3-тан кем емес бункерлермен жабдықталған жүзбелі құралдар | 1041C) | |
8905 90 100 9 | – – – өзгелері | 10 | |
8907 90 000 1 | – – каркасының ішкі диаметрі 20 м немесе одан астам, бірақ 50 м аспайтын, балық сақтайтын су қоймасы бар дөңгелек кішілеу кемелер | 1541C) | |
8907 90 000 9 | – – өзгелері | 15 |