Өзгерту
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне қуаты 50 000 кВт-тан асатын газ турбиналары бөлшектеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан кіші қосалқы позиция алып тасталсын;

      б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кіші қосалқы позициялар қосылсын;

      в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері белгіленсін;

      г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 34С ескертпемен толықтырылсын:

      "34С) Кедендік құнның 0 (нөл) %-ы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажы мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 8 шілдедегі № 77 шешімі күшіне енген күннен бастап, қоса алғанда 31.08. 2019 ж. дейінгі аралықта қолданылады.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ 2015 жылғы 2 қыркүйектен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссияның 2015 жылғы
8 шілдедегі № 74 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық
қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын
кіші қосалқы позиция


СЭҚ ТН коды

Позиция атауы

Қос.
өлш. бірл.

+

8411 99 009 9

– – – – өзгелері

дана

  Еуразиялық экономикалық
комиссияның 2015 жылғы
8 шілдедегі № 74 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық
қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына қосылатын
кіші қосалқы позициялар

СЭҚ ТН коды

Позиция атауы

Қос.
өлш. бірл.


– – – – өзгелері:*


8411 99 009 2

– – – – – қуаты 50 000 кВт5)-тан асатын газ турбиналарын әзірлеуге арналған

дана

8411 99 009 8

– – – – – өзгелері

дана

      ______________

      *ЕАЭО СЭҚ ТН 8411 99 009 1 кіші қосалқы позициясынан кейінгі кодсыз кіші қосалқы позиция.

  Еуразиялық экономикалық
комиссияның 2015 жылғы
8 шілдедегі № 74 шешіміне
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждары МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ

 
 
 
СЭҚ ТН коды
 

 
 
 
Позиция атауы

Кедендік әкелу бажы мөлшерлемесі (кедендік құнның пайызымен не евромен, не АҚШ долларымен)

8411 99 009 2

– – – – – қуаты 50 000 кВт5)-тан асатын газ
турбиналарын әзірлеуге арналған

534С)

8411 99 009 8

– – – – – өзгелері

5


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.