Өзгерту
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне былғары аяқ киім өнеркәсібіне арналған бояулар мен лактарға қатысты өзгерістер енгізу туралы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан кіші қосалқы позиция алып тасталсын;

      б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кіші қосалқы позиция енгізілсін;

      в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін;

      г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертулер мынадай мазмұндағы 42С ескертумен толықтырылсын:

      "42С) Кедендік әкелу бажының ставкасы кедендік құннан 0 (нөл) % көлемінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 76 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 31.08.2019 жылға дейін қолданылады.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 2 қыркүйектен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 76 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің
Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын
КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қосымша өлшем бірлігі

3210 00 900 0

– өзгелері

–

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 76 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің
Бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін
КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қосымша өлшем бірлігі

3210 00 900

– өзгелері:


3210 00 900 1

– – былғары аяқ киім өнеркәсібіне арналған5)

–

3210 00 900 9

– – өзгелері

–

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 76 шешіміне
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі
кедендік әкелу баждарының
СТАВКАЛАРЫ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Кедендік әкелу баждарының ставкасы (кедендік құнның пайызымен не евромен, не АҚШ долларымен)

3210 00 900 1

– – былғары аяқ киім өнеркәсібіне арналған5)

542С)

3210 00 900 9

– – өзгелері

5


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.