Шешім
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қуаты 5 000 кВт астам, бірақ 50 000 кВт аспайтын газ турбиналарының жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкаларын белгілеу туралы

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес жиынтықты газ айдайтын агрегаттар құрамында пайдалануға арналған және ЕАЭО СЭҚ ТН 8411 82 200 1 және 8411 82 600 1 кодтарымен сыныпталатын, қуаты 5 000 кВт астам, бірақ 50 000 кВт аспайтын газ турбиналарының жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін.

      2. Осы Шешім 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап, бірақ ерте дегенде ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 3 сәуірдегі
№ 44 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайызбен не еуромен, не АҚШ долларымен)




8411 82 200 1

– – – –

жиынтықты газ айдайтын агрегаттар құрамында пайдалану үшін

5

8411 82 600 1

– – – –

жиынтықты газ айдайтын агрегаттар құрамында пайдалану үшін

3


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.