Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай
өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы N 592
P990592_
қаулысында:
3-тармақтың екінші абзацындағы "256" деген сан "272" деген санмен
ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қарашадағы N 1645
P991645_
қаулысында:
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымы жаңа редакцияда жазылсын:
"Басшылық
Премьер-Министрдің Хатшылығы
Үкіметтік ақпарат бөлімі
Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігі
Заң бөлімі
Аймақтық даму бөлімі
Экономикалық бөлім
Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімі
Жиынтық талдау бөлімі
Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі
Сыртқы байланыстар бөлімі
Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі
Кадр жұмысы бөлімі
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
Қаржы-шаруашылық бөлімі
Діни бірлестіктермен байланысты жөніндегі кеңестің Хатшылығы
Министр - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және
әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының Хатшылығы".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.