Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымы
қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына
үш, оның ішінде бір бірінші орынбасары болуға рұқсат етілсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы N 592
P990592_
қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасының, 2-тармағының күші
жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі заңдарда
белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
туралы ережеге қажетті өзгерістерді Қазақстан Республикасының Үкіметіне
екі апта мерзім ішінде бекітуге енгізсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 3 қарашадағы N 1645
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Кеңсесінің құрылымы
<*>
Басшылық
Премьер-Министрдің Хатшылығы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі
<*>
Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігі
Заң бөлімі
Аймақтық даму бөлімі
Экономикалық бөлім
Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімі
Жиынтық талдау бөлімі
Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі
Сыртқы байланыстар бөлімі
Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі
Кадр жұмысы бөлімі
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
Қаржы-шаруашылық бөлімі
Министр - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және
әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының Хатшылығы
Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің Хатшылығы
ЕСКЕРТУ. Құрылым өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.08. N 1878
қаулысымен.
P991878_
ЕСКЕРТУ. Құрылым өзгерді- ҚР Үкіметінің 2000.05.15. N 708a
қаулысымен.
P00708a_
ЕСКЕРТУ. Құрылым өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2000.06.29. N 971
қаулысымен.
P000971_
ЕСКЕРТУ. Құрылым жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.01.17. N 58
қаулысымен.
P010058_
ЕСКЕРТУ. Құрылым өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2002.01.31. N 145
қаулысымен.
P020145_
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.