Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы

      "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөнiндегі уәкiлетті орган болып бекiтiлсiн. <*>
       Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.02. N 1027   қаулысымен .

      2.  Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381 Қаулысымен.

        3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң        
2003 жылғы 20 қаңтардағы 
N 54 қаулысымен     
бекiтiлген     

"Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi 2003-2004 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары

       Ескерту. Жоспардың күші жойылды ( 2-тармақты қараңыз ) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381 Қаулысымен.