Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң қызметкерлерiне дипломатиялық дәрежесi және мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтермен жұмыс істегенi үшін төленетін ақшалай төлемдердiң мөлшерi туралы

      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының  29-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң қызметкерлерiне ұлттық валютада лауазымдық жалақыларын негiзге ала отырып есептелетін ақшалай төлемдердiң мынадай мөлшерi белгiленсiн:
      1) дипломаттық дәрежесi үшiн - 25%;
      2) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтермен жұмыс iстегенi үшiн - 15%.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 2 шiлдедегi N 565  қаулысы ;

      2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 2 шiлдедегі N 565 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 сәуiрдегi N 188 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 8, 92-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 2 сәуiрдегi N 465  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 14, 107-құжат).
      3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы