Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы

      "1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1737  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
      2. N 1-қосымшаға сәйкес қол қойылған сәттен бастап Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
      3. N 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң 1997 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшi жойылған деп танылсын.

       Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
1997 жылғы 2 сәуiрдегi
N 465 қаулысымен   
бекiтiлген     

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер

      1. <*>
       Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.27. N  1406 қаулысымен.
      2. <*>
       Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінiң 2005.03.04.
N 205   қаулысымен .
      3.<*> 
       Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.27. N   1268 қаулысымен.
         4. <*>
       Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінiң 2005.02.09.
N 124   қаулысымен .

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
1997 жылғы 2 сәуiрдегi
N 465 қаулысына  
N 1-қосымша   

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi
жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI

     1. Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1989 жылғы 13 ақпандағы N 28 өкiмi.
     2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 11 мамырдағы N 643-22-с қаулысы.
     3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 27 маусымдағы N 726 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 шiлдедегi N 966 қаулысының үшiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 277-құжат).

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
1997 жылғы 2 сәуiрдегi
N 465 қаулысына   
N 2 қосымша    

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI

     1. "Қазақ мемлекеттiк басқару академиясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 21 мамырдағы N 426 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 18, 222-құжат). 
      2.<*> 
       Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды, 3-7-тармақтар 2-6-тармақтар болып есептелдi - ҚР Үкіметінiң 1997.06.17.  N 982 қаулысымен.
         2. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк заң институтын ұйымдастыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 26 мамырдағы N 564 қаулысының 8-тармағының екiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 23, 245-құжат). 
      3. "Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 тамыздағы N 927 қаулысының 3-тармағы. 
      4. "Қазақ ұлттық техникалық университетi мен Қазақ мемлекеттiк сәулет-құрылыс академиясының мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 желтоқсандағы N 1488 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 49, 559-құжат). 
      5. "Ұлттық Жоғары Мемлекеттiк Басқару мектебi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 11 қаңтардағы қаулысының 1-тармағының екiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 2, 19-құжат). 
      6. "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы қаулысының 53-тармағы. 

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.