Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.08.28. N 1270Қаулысымен.
"Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Қорқыт Ата әуежайы" акционерлік қоғамының коммуналдық меншіктегі, жарияланған акцияларының жалпы санының 100 пайызы мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакеті заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке қабылдансын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.08.28. N 1270 Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
1) Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
2) "Қорқыт Ата әуежайы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне берсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.08.28. N 1270 Қаулысымен.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 21 қарашадағы
N 1121 қаулысымен
бекітілген
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
1) Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Қызылорда облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 768-1-жол алынып тасталсын;
"Қостанай облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 809-жол алынып тасталсын;
2) Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Қызылорда облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 218-5-жолмен толықтырылсын:
"218-5. "Қорқыт Ата әуежайы" АҚ";
"Қостанай облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 229-10-жолмен толықтырылсын:
"229-10. "Қостанай" халықаралық әуежайы" АҚ".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 160-20 мен 160-21-жолдармен толықтырылсын:
"160-20 "Қорқыт Ата әуежайы" АҚ
160-21 "Қостанай" халықаралық әуежайы" АҚ".
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.