Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтыру мен өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 28 тамыздағы
N 1270 қаулысымен
бекітілген
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Қостанай облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 822-15-жолмен толықтырылсын:
"822-15 "Қостанай" халықаралық әуежайы" АҚ";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Қостанай облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 229-10-жол алынып тасталсын.
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
"Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне" деген бөлімде:
реттік нөмірі 160-21-жол алынып тасталсын.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
5. "Қорқыт Ата әуежайы" мен "Қостанай" халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы N 1121 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 44, 516-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорқыт Ата әуежайы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы";
1-тармақтағы "Қорқыт Ата әуежайы" мен "Қостанай" халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамдарының" деген сөздер "Қорқыт Ата әуежайы" акционерлік қоғамының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшадағы "Қызылорда, Қостанай облыстарының әкімдіктерімен" деген сөздер "Қызылорда облысының әкімдігімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
"мен "Қостанай" халықаралық әуежайы" деген сөздер алынып тасталсын;
"қоғамдары" деген сөз "қоғамы" деген сөзбен ауыстырылсын.