Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.06.2023 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Агроенеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1164 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.03.017 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с1
2
1
Бірінші сортты бидай ұны
2
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)
3
Рожки (өлшеніп салынатын)
4
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
5
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
6
Картоп
7
Асханалық сәбіз
8
Басты пияз
9
Ақ қауданды қырыққабат
10
Ақ қант – құмшекер
11
Күнбағыс майы
12
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
13
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
14
Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада
15
Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада
16
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
17
Тауық жұмыртқасы (I санатты)
18
Ac тұзы ("Экстра" -дан басқа)
19
Сүзбе: майлылығы 5-9%