Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.06.2023 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 152-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Қазақстан Республикасы
Р/с
№
Тауардың атауы
1
2
1
Бірінші сортты бидай ұны
2
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)
3
Рожки (өлшеніп салынатын)
4
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
5
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
6
Картоп
7
Асханалық сәбіз
8
Басты пияз
9
Ақ қауданды қырыққабат
10
Ақ қант – құмшекер
11
Күнбағыс майы
12
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
13
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
14
Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада
15
Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада
16
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
17
Тауық жұмыртқасы (I санатты)
18
Ac тұзы ("Экстра" -дан басқа)
19
Сүзбе: майлылығы 5-9%