Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Мұхамеджан Қаратаевтың туғанына 100 жыл толуын және Григорий Николаевич Потаниннің туғанына 175 жыл толуын дайындау және өткізу туралы

      «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылы 28 қыркүйектегі № 1465 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның әдебиет қайраткері Мұхамеджан Қаратаевтың туғанына 100 жыл толуын және Қазақстанның этнограф-ғалымы, публицисі, зерттеушісі Григорий Николаевич Потаниннің туғанына 175 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарлары бекітілсін.
      2. «2009 - 2011 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 4 наурыздағы № 31-ө өкіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген 2009 - 2011 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-1-жолмен толықтырылсын:

«

8-1.

Мұхамеджан Қаратаевтың 100 жылдығы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МАМ, БҒМ, Алматы қаласының әкімі

2010 жыл

».

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2010 жылғы 9 наурыздағы
№ 179 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстанның әдебиет қайраткері Мұхамеджан Қаратаевтың
туғанына 100 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі
іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.19 N 733 Қаулысымен.

Р/с

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көздері

Болжамды шығыстар (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

1

Мұхамеджан Қаратаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған кітаптар басып шығару

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі

2010 жыл бойы

017 «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» республикалық бюджеттік бағдарламасы

2999,36

2

Мұхамеджан Қаратаев туралы деректі фильм жасау және оны телеарналарда көрсету

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі

2010 жыл бойы

025 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» республикалық бюджеттік бағдарламасы

1600,0

3

Салтанатты жиналыс және Қазақстанның өнер шеберлерінің концертін өткізу

Алматы қаласының әкімі

2010 жылғы тамыз

Жергілікті бюджет

1500,0

4

«Еске алу кеші» атты концерт ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2010 жылғы қазан

011 «Әлеуметтік маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу» республикалық бюджеттік бағдарламасы

3347,414

5

«Академик Мұхамеджан Қаратаев және XX ғасыр әдебиеттану ғылымы» атты ғылыми-теориялық конференция дайындау және өткізу

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

2010 жылғы желтоқсан

Бюджеттен тыс қаражат

350,0


ЖИЫНЫ:



Республикалық бюджет

7946,774

Жергілікті бюджет

1500,0

Бюджеттен тыс қаражат

350,0

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 9 наурыздағы
№ 179 қаулысымен     
бекітілген     

Қазақстанның этнограф-ғалымы, публицисі, зерттеушісі Григорий
Николаевич Потаниннің туғанына 175 жыл толуын дайындау және
өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.19 N 733 Қаулысымен.

Р/с

Іс-шаралар атауы

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көздері

Болжамды шығыстар (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

1

«Географиялық қоғам бөлімшесінің жазбаларындағы Г.Н. Потаниннің мақалалары» тақырыбына көрме (ретро-шолу) өткізу

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2010 жылғы шілде

Жергілікті бюджет

40,0

2

Павлодар қаласында Г.Н. Потаниннің барельефін дайындау және оны Тарихи өлкетану мұражайы ғимаратының алдына орнату

Павлодар облысының әкімі

2010 жылғы қыркүйек

Жергілікті бюджет

3500,0

3

«Г.Н. Потанин және Ш. Уәлиханов: өмірдей ұзақ саяхат» тақырыбына көрме өткізу

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

2010 жылғы қыркүйек

Жергілікті бюджет

30,0

4

Г.Н. Потаниннің туғанына 175 жыл толуына арналған салтанатты кеш және көрме өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2010 жылғы қыркүйек

011 «Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шаралар өткізу» республикаық бюджеттік бағдарламасы

2605,2

5

«Г.Н. Потанин. Қордың құжаттық коллекциясы» көрмесін ұйымдастыру және өткізу

Павлодар облысының әкімі

2010 жылғы қазан

Жергілікті бюджет

300,0

6

Г.Н. Потаниннің 175 жылдығына арналған халықаралық конференция ұйымдастыру және өткізу. Конференцияның қорытындылары бойынша материалдар жинағын басып шығару

Павлодар облысының әкімі

2010 жылғы қазан-қараша

Жергілікті бюджет

1050,0

7

Г.Н. Потаниннің таңдамалы шығармалары жинағын басып шығару

Павлодар облысының әкімі

2010 жылғы қараша

Жергілікті бюджет

1000,0


ЖИЫНЫ:



Республикалық бюджет

2605,2

Жергілікті бюджет

5920,0