Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін жеке пайдалануға арналған жеңіл автомобильдерді кедендік декларациялау кезінде осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай ставкалары төленеді.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 1 шілдедегі
№ 682 қаулысына
1-қосымша
1. Жеке тұлғалар жеңіл автомобильдерді бастапқы әкелген кезде кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай ставкасы мыналарды құрайды:
шығарылған сәтінен бастап 3 жыл өткен, бірақ 10 жылдан көп емес жеңіл автомобильдер бойынша:
қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемі 1500 см3-ден аспайтын - қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемінің 1 см3 үшін 0,35 евро;
қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемі 1500 см3-ден асатын, бірақ 3000 см3-ден көп емес - қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемінің 1 см3 үшін 0,4 евро;
қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемі 3000 см3-ден асатын - қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемінің 1 см3 үшін 0,6 евро.
2. Күнтізбелік жыл ішінде кедендік декларациялауға жеке пайдалану үшін сатып алынған екі және одан көп автомобиль берілген кезде кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай ставкасы мыналарды құрайды:
1) шығарылған сәтінен бастап 3 жыл өткен, бірақ 7 жылдан көп емес жеңіл автомобильдер бойынша:
қозғалтқыш цилиндрлерінін жұмыс көлемі 1000 см3-ден аспайтын - қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемінің 1 см3 үшін 0,85 евро;
қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемі 1000 см3-ден асатын, бірақ 1500 см3-ден көп емес - қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемінің 1 см3 үшін 1 евро;
қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемі 1500 см3-ден асатын, бірақ 1800 см3-ден көп емес - қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемінің 1 см3 үшін 1,5 евро;
қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемі 1800 см3-ден асатын, бірақ 3000 см3-ден көп емес - қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемінің 1 см3 үшін 2 евро;
қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемі 3000 см3-ден асатын - қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемінің 1 см3 үшін 2,25 евро;
2) шығарылған сәтінен бастап 7 жыл өткен, бірақ 10 жылдан көп емес жеңіл автомобильдер бойынша:
қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемі 3000 см3-ден аспайтын - қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемінің 1 см3 үшін 2 евро;
қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемі 3000 см3-ден асатын қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемінің см3 үшін 3 евро.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 1 шілдедегі
№ 682 қаулысына
2-қосымша
1. «Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы № 217 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 121-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы № 217 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 750 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 353-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы № 217 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 мамырдағы № 532 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 28, 277-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы № 217 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1330 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 48, 547-құжат).