Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.06.2023 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикалық
Премьер-Министрі
К. Мәсімов
Р/с
№
Тауардың атауы
1
Бірінші сортты бидай ұны
2
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны
3
Макарон өнімдері: вермишель, рожки, кеспе
4
Жармалар: қарақұмық, сұлы, ұнтақ, арпа және тары
5
Тазартылған күріш
6
Картоп
7
Жаңа піскен көкөністер: асханалық сәбіз, басты пияз, ақ қауданды қырыққабат, асханалық қызылша
8
Ақ қант - құмшекер
9
Өсімдік майы - күнбағыс майы
10
Ет: сиыр еті (жауырын-төс бөлігі), қой еті сүйектерімен, тауық еті, тауық саны
11
Сүт: пастерленген, майлылығы 2,5% және 3,2%
12
Айран: майлылығы 2,5% және 3,2%
13
Сүзбе: майлылығы 5-9%
14
Мәйекті қатты ірімшік
15
Сары май:
- тұздалмаған, майлылығы 72,5% кем емес, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ;
- өсімдік-сары, сүт майы 49% дейін (спрэд)
16
І-ІІ санатты тауық жұмыртқасы
17
Ac тұзы ("Экстра"-дан басқа)
18
Шай - қара, түйіршіктелген