Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Республикалық маңызы бар Қарғалы мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумал аумағын азайту туралы

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Республикалық маңызы бар Қарғалы мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдың (бұдан әрі - қаумал) аумағы 2127,76 гектарға азайтылсын.

      2. Қызылорда облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "РУ-6" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің уран өндіру үшін берілуін;

      2) уран өндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жер учаскелеріне рекультивация жүргізіліп, 2040 жылы көрсетілген жер учаскесінің қаумал құрамына қайтарылуын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 571 қаулысымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.