Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Еттің жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 269 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.04.2015 № 213 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемiн бөлудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 24 наурыздағы № 269 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 27, 320-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына оларға қатысты тарифтiк квоталар енгiзiлген еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемдерiн сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидасында:
      3-тармақта:
      6) тармақшадағы «түрі.» деген сөз «түрі;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) әкелу көлемi – ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде шығарылған және одан әкелінетін тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін кедендік рәсімге орналастырылатын тауарлардың заттай мәндегі әкелінген саны.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.