Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 10 сәуірдегі
№ 212 қаулысына
қосымша
1. «Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, олардың мониторингі және пайдаланылу тиiмділігiн бағалау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 740 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 29, 378-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 19 шiлдедегi № 740 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 682 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 280-құжат).
3. «Еттің жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 269 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 27, 320-құжат).
4. «Еттің жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 269 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 1084 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 961-құжат).
5. «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 159 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 17, 296-құжат).
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері» туралы 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 және «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгiлеу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 20 ақпандағы № 159 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 694 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 595-құжат).
7. «Еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемiн бөлудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1189 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 63, 865-құжат).
8. «Еттің жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 157 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 13, 110-құжат).