Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердiң тиiстiлiк нормативiнде:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2
Президент Әкімшілігі
Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы
1
2600
Президенттiң көмекшiсi-Қауiпсiз дiк Кеңесiнiң хатшысы
1
2600
Президенттiң көмекшiсi
1
2600
Жоғарғы Сот Кеңесiнiң Төрағасы
1
2000
Президент Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары
1
2000
Президент Кеңсесiнiң бастығы
1
2600
Президенттiң Баспасөз хатшысы
1
2600
Президенттiң Протокол бастығы
1
2600
Президенттiң Парламенттегi өкiлдiгiнiң басшысы
1
2000
Астана қаласында көлiктiк қызмет көрсету
16*********
1*********
2600
Алматы қаласында
1*********
6*********
2600
Қонақтарға арналған
25
***
";
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"********* Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің "Қазақстан Республикасы Президентінің Мұражайы" үшін - 2 бiрлiк, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Мұрағаты" мемлекеттік мекемелері үшін - 2 бiрлiк";
2) "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиесілілік табелінде:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі" деген бөлімнің "Автомобильдердің шекті саны" деген кестесіндегі "Астана қаласы бойынша 10" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Астана қаласы бойынша 11".
2. Осы қаулы, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
С. Ахметов