Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1102 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоғамның директорлар кеңесінің құрамына лауазымды тұлғалардың сайлануын қамтамасыз етсін;»;
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 мамырдағы
№ 530 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 28 қарашадағы
№ 1102 қаулысына
қосымша
Орынбаев
Ербол Тұрмаханұлы
-
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Жұмағұлов
Бақытжан Тұрсынұлы
-
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Құсайынов
Марат Әпсеметұлы
-
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Орынханов
Мұрат Қадесұлы
-
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Өтепов
Эдуард Карлович
-
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы
Ыбырайым
Нұрлан Мұхтарбекұлы
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы