Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 975 қаулысымен
бекітілген
1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды салалық министрліктерге және басқа мемлекеттік органдарға беру тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 160-20-жол алынып тасталсын.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.