Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледі) қаулысымен.
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары;
2) зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1370 қаулысымен
бекітілген
Р/с
№
Көрсетілетін қызмет атауы
Өлшем бірлігі
Бағасы, ҚҚС қоспағанда, теңгемен
1
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлем алушылардың іс макеттерін қалыптастыру
1 макет
2 642,83
2
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлем сомаларын алушылардың шоттарына аудару
1 төлем
202,42
3
Міндетті әлеуметтік аударымдарды және (немесе) олар бойынша өсімпұлды агенттерден Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару
1 төлем тапсырмасы
7,84
4
Әлеуметтік аударымдардың артық (қате) төленген сомаларын және олар бойынша өсімпұлды төлеушілерге қайтару
1 төлем тапсырмасы
594,80
5
Заңды және жеке тұлғаларға ақпараттық көрсетілетін қызметтер ұсыну
1 ақпарат
588,79
6
Жәрдемақы мөлшерлері туралы ақпарат беру
1 ақпарат
186,77
7
Әлеуметтік төлемдердің саны және орташа сомасы туралы ақпарат беру
1 ақпарат
197,13
8
Міндетті әлеуметтік аударымдардың аударылған сомасы туралы агенттерге растау
1 ақпарат
219,89
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1370 қаулысымен
бекітілген
Р/с
№
Көрсетілетін қызмет атауы
Өлшем бірлігі
Бағасы, ҚҚС қоспағанда, теңгемен
1
2
3
4
1
Республикалық бюджеттен зейнетақы алушылардың, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың және мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылардың іс макеттерін қалыптастыру
1 макет
2 908,34
2
Республикалық бюджеттен жәрдемақы алушылар үшін іс макеттерін қалыптастыру
1 макет
2 642,83
3
Республикалық бюджет есебінен төленетін зейнетақы мен жәрдемақы сомаларын алушылардың шоттарына аудару
1 төлем
202,42
4
Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару
1 төлем тапсырмасы
24,13
5
Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) олар бойынша өсімпұлдың қате төленген сомаларын агенттерге қайтару
1 төлем тапсырмасы
484,61
6
Әлеуметтік қамсыздандырудың бірыңғай ақпараттық жүйесін әкімшілендіру
айына 1 қызмет
7 281 379,70
7
«Мүгедектігі бар тұлғалардың орталықтандырылған деректер қоры» ақпараттық жүйесін әкімшілендіру
айына 1 қызмет
1 819 666,67
8
Заңды және жеке тұлғаларға ақпараттық көрсетілетін қызмет ұсыну
1 ақпарат
588,79
9
Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшер туралы ақпарат беру
1 ақпарат
186,77
10
Белгілі бір кезеңге 10 % міндетті зейнетақы жарналары аударымдарының саны және орташа сомасы туралы ақпарат ұсыну
1 ақпарат
197,13
11
Зейнетақы төлемдерінің саны және орташа сомасы туралы ақпарат беру
1 ақпарат
197,13
12
10 % міндетті зейнетақы жарналарының 3 айдағы айлар бөлінісіндегі аударымдар саны мен сомасы туралы ақпарат
1 ақпарат
189,73
13
10 % міндетті зейнетақы жарналарының 6 айдағы айлар бөлінісіндегі аударымдар саны мен сомасы туралы ақпарат
1 ақпарат
207,01
14
10 % міндетті зейнетақы жарналарының 12 айдағы айлар бөлінісіндегі аударымдар саны мен сомасы туралы ақпарат
1 ақпарат
334,01
15
10 % міндетті зейнетақы жарналарының 36 айдағы айлар бөлінісіндегі аударымдар саны мен сомасы туралы ақпарат
1 ақпарат
461,30
16
Салымшылардың саны және олардың аударымдарының мөлшері туралы ақпаратты БСН/СТН бөлінісінде салымшылардың тізімдерімен қоса ұсыну
1 ақпарат
219,89
17
Салымшының міндетті зейнетақы жарналарының аударылған сомасы туралы агенттерге растау
1 ақпарат
219,89