Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2016 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1262 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 624-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 наурыздағы
№ 189 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1262 қаулысымен
бекітілген
Әбдіқалықова
Гүлшара Наушақызы
-
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Құл-Мұхаммед
Мұхтар Абрарұлы
-
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төрағаның орынбасары
Омаров
Жанай Сейітжанұлы
-
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі, хатшы
Қайырбекова
Салидат Зекенқызы
-
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Ыдырысов
Ерлан Әбілфайызұлы
-
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қарабалин
Ұзақбай Сүлейменұлы
-
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі
Сәрінжіпов
Аслан Бәкенұлы
-
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Қаппаров
Нұрлан Жамбылұлы
-
Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі
Мамытбеков
Асылжан Сарыбайұлы
-
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Досаев
Ерболат Асқарбекұлы
-
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі
Дүйсенова
Тамара Босымбекқызы
-
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Әзілханов
Марат Алмасұлы
-
Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігінің төрағасы
Есентаев
Тастанбек Құтжанұлы
-
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы
Әзімова
Эльвира Әбілхасымқызы
-
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары
Тұрғымбаев
Ерлан Заманбекұлы
-
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Тұрлыбекқызы
Салтанат
-
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі (келісім бойынша)
Ерімбетов
Нұрлан Кенжебекұлы
-
«Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
Калюжный
Вячеслав Афанасьевич
-
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы (келісім бойынша)
Назханов
Тимур Күзекұлы
-
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының мүшесі (келісім бойынша)
Сабиров
Шавкат Умарович
-
«Қазақстанның Интернет қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
Сәрсембаева
Раушан Біргебайқызы
-
«Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
Шәуеев
Азат Садметұлы
-
«Мемлекеттік тілді дамыту қоры» корпоративтік қорының төрағасы (келісім бойынша)
Сыдықов
Нұрлан Ерболатұлы
-
«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы хатшылығының басшысы (келісім бойынша)
Дүйшенов
Ғани Сұлтанұлы
-
«Қазақстанның жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)