Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.08.2015 № 685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Казахстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 25-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Салық тіркелімдерінің нысандарын жасау қағидаларында:
25-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
35-тармақтың үшінші бөлігінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
41-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
43-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
«3) 3-бағанда - тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі), тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірін (бизнес-сәйкестендіру нөмірін) көрсету мүмкіндігі болмаған кезде, оның мынадай деректерінің біреуін көрсету қажет: жеке куәлігінің немесе паспортының нөмірі, мекенжайы, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру немесе тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу орны;»;
46-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
48-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
51-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
58-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 21 шілдедегі
№ 802 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 9 қаңтардағы
№ 1311 қаулысымен
бекітілген
нысан
1. ЖСН
2. Салық төлеушінің Т.А.Ә. немесе атауы ______________________
3. Кезең: ___________________ жыл: ___________________________
(теңге)
Р/с
№
Жеткізушінің Т.А.Ә. немесе атауы
Жеткізушінің ЖСН/БСН, жеткізушінің ЖСН/БСН көрсету мүмкіндігі болмаған кезде, жеткізушінің мынадай деректерінің біреуін көрсету қажет: жеке куәлігінің немесе паспортының нөмірі, мекенжайы, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру немесе тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу орны
шот-фактура немесе бастапқы құжат
тауар құнының жиыны
нөмірі
жазып берілген күн
ҚҚС-ты ескере отырып
оның ішінде ҚҚС сомасы
1
2
3
4
5
6
7
Бір айдың жиыны:
Салық кезеңіндегі жиыны:
_____________________________________________________________________
(дара кәсіпкердің Т.А.Ә., қолы, мөрі)
_____________________________________________________________________
(салық тіркелімін жасауға жауапты адамның Т.А.Ә., қолы)
_____________________________________________________________________
(салық тіркелімі жасалған күн)