Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 161 қаулысына
қосымша
1. «Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 317 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 30, 233-құжат).
2. «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 498 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 44, 595-құжат).
3. «Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 653 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 51, № 697-құжат).
4. «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қарашадағы № 1460 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 79, 1173-құжат).
5. «Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 ақпандағы № 81 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 14, 249-құжат).