Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К. Мәсімов
1. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
"1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:" деген 1-бөлімде:
реттік нөмірі 1-жолда:
17), 18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"
17)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
84682,5
18)
Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтары, құрамалары мен бөлімдері,
31073
19)
оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер:
13287
";
43), 44), 45), 46), 47), 48), 49), 50) және 51) тармақшалар алып тасталсын.
2. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 772 қаулысымен.