Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 4 маусымдағы
№ 405 қаулысына
қосымша
1. «Туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қыркүйектегі № 878 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 39, 427-құжат).
2. «Туристік қызмет көрсетудің үлгі шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қазандағы № 957 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 40, 453-құжат).
3. «Туристік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қазандағы № 958 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 41, 456-құжат).
4. «Туроператорлық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1670 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 5, 104-құжат).