Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 5 маусымдағы
№ 410 қаулысына
қосымша
1. «Халықтың паллиативтік көмек және мейірбике күтімі көрсетілуге тиіс санаттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1938 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 56, 477-құжат).
2. «Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қарашадағы № 1342 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 50-құжат).
3. «Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені және Патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1454 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 111-құжат).
4. «Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 396 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 537-құжат).