Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 23 шілдедегі
№ 567 қаулысына
қосымша
1. «Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 175 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 9, 99-құжат).
2. «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы № 1755 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 55, 453-құжат).
3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 136 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 1090 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 778-құжат).
4. «Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1150 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 799-құжат).
5. «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 132 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 381-құжат).
6. «Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндiрiлетiн (дайындалатын) және алғаш рет әкелiнетiн (импортталатын) азықтарды және азық қоспаларын мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 175 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 668 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 51, № 702-құжат).
7. «Ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлер эмиссиясы рәсімінің операторын айқындау және Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 шілдедегі № 959 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 63, 880-құжат).
8. «Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1563 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 3, 46-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 390 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 27, 423-құжат).
10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1563 және «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 19 наурыздағы № 263 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 1335 қаулысының 1-тармағының 1) тармақашсы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 71, 940-құжат).
11. «Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1027-құжат).
12. «Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1563 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1022 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 558-құжат).