Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 591 қаулысына
қосымша
1. «Жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшін ақы алудың мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 888 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 29, 286-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 888 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 мамырдағы № 453 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 19,199-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 888 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 сәуірдегі № 394 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18,215-құжат).
4. «Мемлекеттік органдардың құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасуы жөнінде өзара іс-қимыл жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қыркүйектегі № 798 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 34,374-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 300 қаулысына 2-қосымшаның 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 18, 160-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 820 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 643-құжат).