Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 11 тамыздағы
№ 638 қаулысына
қосымша
1. «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 607-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 777 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 242-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 527 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 477-құжат).
4. «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 123 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 15, 268-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 538 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 35, 337-құжат).
6. «Мектепке дейінгі және орта білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 633 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 40-41, 384-құжат).