Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 773 қаулысына
қосымша
1. «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесінің мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қарашадағы
№ 1336 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2,
43-құжат).
2. «Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1499 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 7, 139-құжат).
3. «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 1504 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 7, 141-құжат).
4. «Мемлекеттік техникалық қызметтің кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы
№ 49 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 9-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 12, 226-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7 және 8-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 57, 546-құжат).