Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 803 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.07.2024 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық ветеринариялық зертхана" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 қарашадағы № 1908 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 56, 472-құжат):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кәсіпорын қызметінің мәні:

      1) ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы;

      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасы болып айқындалсын.".

      3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" мемлекеттік мекемесін филиалдарымен бірге құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 2158 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 1, 3-құжат):

      4-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жою;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 1-1-тармағына сәйкес процессингтік орталықтың функциялары;".

      4. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.07.2023 № 550 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 82 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 14, 250-құжат):

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) эпизоотиялық мониторинг;".

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.