2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2015 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 257 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 23, 136-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2015 жылға қаражат бөлу осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1156 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 257 қаулысымен
бекітілген
Р/с №
Іс-шаралар атауы
Жауапты мемлекеттік органдар
Саны
Сомасы, мың теңге
1
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу
АШМ
5
9146,0
2
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу
ИДМ
22
41279,0
3
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу
МСМ
8
15243,0
4
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу
ҰЭМ
2
2370,0
5
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу
ІІМ
1
1146,0
Барлығы:
38
69184,0
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму
министрлігі;
МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі.