Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 30 сәуірдегі
№ 260 қаулысына
қосымша
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарын криминалистикалық техникамен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 86 қаулысы.
2. «Азаматтарды жалпыға бiрдей әскери оқыту бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 650 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 51, № 694-құжат).
3. «Әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ұзақтығы 40 тәулік жыл сайынғы негізгі демалыс беру құқығын беретін қызмет өткеру жерлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 шілдедегі № 942 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 63, 868-құжат).