Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 492 қаулысына
қосымша
1. «Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа қосу және оларды мемлекеттік баланстан шығару қағидасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 1374 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 6, 72-құжат).
2. «Қазақстан Республикасының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 8 ақпандағы № 90 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 17, 208-құжат).
3. «Болашақ ұрпақ мүддесінде минералдық шикізат қорларын сақтау үшін жер қойнауы учаскелерін консервациялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 121 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 19, 232-құжат).
4. «Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 123 қаулысы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 28, 245-құжат).
5. «Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 1047 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 566-құжат).