2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-тармағына сәйкес және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 328 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2016 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
2. «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 42-қосымшада:
реттік нөмірі 120-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
120
«Қазақстан Республикасындағы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқару және жария саясат: басқару технологиясын әзірлеу және қоғамдық келісімді нығайтуға азаматтарды тарту»
Қоғамдық келісімді сақтау саясатын іске асыру және жаңа саяси бағыт аясында ұлттық бірлікті нығайту үшін практикалық ғылыми-негіздемелік ұсынымдар әзірлеу
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК
001 «Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен іске асыру»
25 000
».
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, жиынтық қаржыландыру жоспарына тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша өзгерістер енгізсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 25 қазандағы
№ 617 қаулысына
қосымша
(мың теңге)
Функционалдық топ
Атауы
Өзгерістер
(+/-)
Әкімші
Бағдарлама
1
2
3
4
5
Шығындар
0
1
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер
0
244
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі
001
Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен іске асыру
- 3 385 145
008
Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау және қызметтік этика, меритократияны қорғау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласында мемлекеттік қызмет реформасын қолдау
- 755 725
012
Республиканың мемлекеттiк қызмет кадрларын тестілеу жөніндегі қызметтер
- 234 553
623
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
001
Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен іске асыру
3 385 145
008
Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау және қызметтік этика, меритократияны қорғау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласында мемлекеттік қызмет реформасын қолдау
755 725
012
Республиканың мемлекеттiк қызмет кадрларын тестілеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер
234 553
3
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі
0
244
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі
014
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру
-11 708 897
623
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
014
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру
11 708 897
4
Бiлiм беру
0
244
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі
002
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру
- 376 335
013
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтер
- 1 778 873
623
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
002
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру
376 335
013
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтер
1 778 873