Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшылары мен жаттықтырушыларын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерінің мөлшерін және оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 81, 703-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 7 қыркүйектен бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б.Сағынтаев
Р/с
№
Халықаралық спорттық жарыстардың атауы
Иеленген орын
Спортшыны теңгеге барабар АҚШ долларында ақшалай көтермелеу мөлшері
Жаттықтырушыларды теңгеге барабар АҚШ долларында ақшалай көтермелеу мөлшері
1
2
3
4
5
1.
Жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада ойындары
1-орын
250000
250000
2-орын
150000
150000
3-орын
75000
75000
4-орын
30000
30000
5-орын
10000
10000
6-орын
5000
5000
2.
Жазғы, қысқы Сурдлимпиада ойындары
1-орын
50000
50000
2-орын
35000
35000
3-орын
25000
25000
4-орын
14000
14000
5-орын
6000
6000
6-орын
4000
4000
3.
Әлем чемпионаты (ересектер арасында):
1-орын
15000
10000
2-орын
7000
5000
олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша
3-орын
5000
3000
олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша
1-орын
2300
2300
2-орын
1800
1800
3-орын
1100
1100
4.
Жазғы, қысқы
Азия ойындары, Параазия ойындары
1-орын
10000
5000
2-орын
5000
3000
3-орын
3000
2000
5.
Жазғы, қысқы Дүниежүзілік Универсиада
1-орын
15000
15000
2-орын
10000
10000
3-орын
5000
5000
6.
Жасөспірімдердің жазғы, қысқы Олимпиада ойындары
1-орын
10000
5000
2-орын
5000
3000
3-орын
3000
2000
7.
Олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Азия чемпионаты
1-орын
2300
2300
2-орын
1400
1400
3-орын
900
900
8.
Олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша (жастар арасында) әлем чемпионаты
1-орын
3500
3500
2-орын
2300
2300
3-орын
1100
1100
9.
Олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем рекордын орнату
5000
3000