Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 8 қарашадағы
№ 680 қаулысына
қосымша
1. «Мемлекеттiк арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 желтоқсандағы № 1406 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 48, 482-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 28 желтоқсандағы № 1406 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1292 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 48, 538-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 28 желтоқсандағы № 1406 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 442 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 18, 226-құжат).