Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 21 қарашадағы
№ 714 қаулысына
қосымша
1. «Ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын және Ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 643 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 530-құжат).
2. «Теміржол көлігімен жүк тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 682 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 42, 554-құжат).
3. «Теміржол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 556-құжат).
4. «Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 шілдедегі № 775 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 46, 616-құжат).
5. «Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 790 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 46, 625-құжат).
6. «Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 632-құжат).
7. «Порт құрылыстары мен теңіз порты акваториясын техникалық пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 шілдедегі № 775 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 47 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 12, 224-құжат).
8. «Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1516 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1032-құжат).