Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 05.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
РҚАО-ның ескертпесі!
2017 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 14, 171-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 56 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысымен бекітілген
Кедендік төлемдердің атауы
Теңгемен ставкасы
1
2
Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар
тауарға арналған декларацияның негізгі парағы үшін 25000 теңге;
тауарға арналған декларацияның әрбір қосымша парағы үшін 11000 теңге
Кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар
50 км дейінгі қашықтыққа 5000 теңге,
50-ден 100 км дейінгі қашықтықта 7000 теңге,
100-ден 200 км дейінгі қашықтықта 11000 теңге,
200-ден 400 км дейінгі қашықтықта 52000 теңге,
400-ден 600 км дейінгі қашықтықта 72000 теңге,
600-ден 800 км дейінгі қашықтықта 114000 теңге,
800-ден 1000 км дейінгі қашықтықта 155000 теңге,
1000-нан 1500 км дейінгі қашықтықта 210000 теңге,
1500-ден 2000 км дейінгі қашықтықта 299000 теңге,
2000-нан 2500 км дейінгі қашықтықта 353000 теңге
Алдын ала шешім үшін төлем
29000 теңге