Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев      

  Қазақстан Республикасы   Үкіметінің   2017 жылғы 25 қыркүйектегі   № 588 қаулысына   қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 683 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 41, 368-құжат).

      2. "Ядролық зерттеу қондырғыларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 684 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 41, 369-құжат).

      3. "Ядролық және радиациялық қауіпсіздік" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 768 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 45, 413-құжат).