Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы

      Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы


      "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.11.2022 № 866 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі      Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң
2017 жылғы 31 қазандағы
№ 689 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.07.2023 № 617 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; 29.06.2024 № 522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.08.2024 № 668 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

1.

Ұлттық басылым күні

– 2 ақпан

1-1.

Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні

– 15 ақпан

2.

Алғыс айту күні

– 1 наурыз

2-1.

Ұлттық кітап күні

– 23 сәуір

3.

Аналар күні

– мамырдың екінші жексенбісі

4.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

– 31 мамыр

5.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

– 4 маусым

6.

Әкелер күні

– маусымның үшінші жексенбісі

7.

Ұлттық домбыра күні

– шілденің бірінші жексенбісі

8.

Абай күні

– 10 тамыз

9.

Спорт күні

– тамыздың үшінші жексенбісі

10.

Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні

– 29 тамыз

11.

Білім күні

– 1 қыркүйек

12.

Отбасы күні

– қыркүйектің екінші жексенбісі

13.

Қазақстан халқы тілдері күні

– 5 қыркүйек

14.

Еңбек күні

– қыркүйектің соңғы жексенбісі

15.

Қарттар күні

– 1 қазан

15-1.

Радио күні

– 1 қазан

16.

Нан күні

– 16 қазан

17.

Энергия үнемдеу күні

– 11 қараша

18.

Ұлттық валюта – теңге күні

– 15 қараша

19.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

– 1 желтоқсан


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.