Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 622 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз!

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 520-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасында:

      мынадай мазмұндағы 12-1, 13-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "12-1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің мүлкін есептен шығару аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің тиісті аппараттарымен келісім бойынша жүргізіледі.";

      "13-1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының мүлкін есептен шығару аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің тиісті аппараттарымен келісім бойынша жүзеге асырылады.";

      15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Комиссия үш данада жасаған мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығару актілері күнтізбелік жеті күн ішінде осы Қағиданың 10, 11, 12, 12-1, 13 және 13-1-тармақтарына сәйкес мынадай құжаттармен қоса келісуге жіберіледі:".

      2. Осы қаулы халық саны екі мың адамнан астам аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, халық саны екі мың және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев